Сурет сайт архивінен

Мемлекет басшысының Өкімімен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Ғабит Жақыпбайұлы БАЙЖАНОВ 1963 жылы 1 қарашада дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі директорының орынбасары (2007);

«Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (2009-2015);

«Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры (2015-2018);

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болды;

2019 жылғы ақпаннан бері «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры қызметін атқарған.