Қарақия ауданында жергілікті әкімшілік ғимаратында цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы сауат ашу сабағы өтті. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облыстық филиалы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе ХҚКО тренерлерімен дәріс ұйымдастырды. Басқосу аясында 150-ге жуық Қарақич ауданының тұрғыны цифрландыру саясатын іске асыру барысында жүзеге асып жатқан жобалар жай-күйімен етене танысып, цифрлық ақпарат мүмкіндіктері жөнінде мол мағлұматқа қанықты. Оларға ХҚКО бармай бөбектерді балабақша кезегіне қою, жүргізуші куәлігін ауыстыру, тұрғылықты мекен-жайға тіркелу, некеге өтініш беру, түрлі анықтамаларды алу т.с.с. мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алып, өз уақытын үнемдеуге болатындығы жөнінде түсіндірілді.

«Азаматтардың цифрлық сауаттылыққа үйрету сабақтары Маңғыстау облысында белсенді түрде өтуде. Біздің басты мақсатымыз халықты сандық жүйенің қыр сырымен таныстырып, мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға үйрету. Оқыту курстарынан бөлек, кез келген азамат халыққа қызмет көрсету бөліміне келіп, өзіне-өзі қызмет көрсету секторында оператордың көмегімен үйренуіне болады» — деп толықтырды Қарақия ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Иса Ходжаназаров.

Голрох ЖЕМЕНЕЙ