2017 жылғы 10-12 тамызда Ақтауда Мерей Көшкіновтың жүлдесіне арналған жастар арасында самбодан ашық республикалық турнир өтеді.

Маңғыстау облысының  «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов айтуынша, оған тек қазақстандық спортшылар ғана емес, басқа мемлекеттерден де самбошылар келеді. Турнирге Тәжікстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Әзірбайжан мен Грузиядан 300-ден астам спортшылар қатысады деп күтілуде.

Жарыс 18-20 жас аралығында ұлдар арасында 9 салмақ бойынша, қыздар арасында 9 салмақ бойынша өтеді. Осы турнирдің жүлдегерлері самбодан Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер деген атақ алады.

Жарыс 24 шағынауданда орналасқан Маңғыстау облысының «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болады.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ