6 сәуір күні Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Бейнеу ауданына келді. Бірінші қадам басқан нысаны  2010 жылы іске қосылған Бейнеу астық терминалы болды. 16 гектар жерде астықты өңдеу және комбикорм өндіру цехтары, элекватор орналастырылған. Терминалдың жүк айналымы жылына 2 млн.тонна. Бүгінде бұл жерде Бейнеу ауданының 146 тұрғыны жұмыс істейді. Дайын өнім Маңғыстау және Атырау облыстарына жеткізіледі, сондай-ақ, Ауғаныстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Иран елдеріне экспортталады.

— Күзде астық арзандайды, сондықтан дәл сол кезде элеваторды толтыру үшінүлкен көлемде сатып алу мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Сонымен бірге облыс әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржановқа Ақтау қаласындағы индустриалды аймақта жергілікті тауар өндірушілер үшін қаптама дайындайтын цех ашу мәселесін қарауды тапсырамын. Оны өзімізде ашуға болатын болса, неге басқа аймақтардан сатып аламыз? Сондай-ақ, Бейнеу астық терминалының ұнын Қытайға экспорттауды реттеуді тапсырамын. Оларға сату кеңістігін кеңейтуге көмектесу керек, — деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

6-Станция

Содан соң аймақ басшысы Бейнеу селосындағы су тазарту қондырғысының жұмысымен танысты. Бұл нысан 2016 жылдың желтоқсан айында іске қосылған болатын. «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасына енген жобаның құны 2 млрд-тан  астам теңге. 45 мың текше метр көлеміндегі суға 5 резервуар, тәулігіне 12035 куб. метр еділ суын тазартатын су құятын станция салынды. Стансы үшін құрал-жабдықтардың 65 пайызы Қазақстанда, ал қалғаны Германия мен Оңтүстік Кореяда сатып алынды.

7-Станция

— Бүгінде су құбырымен тазартылған ауыз су Бейнеу селосының 9442 тұрғын үйіне беріледі. Бұл халықтың 82 пайызы. Су басқа елдімекендерге және екі массивке су таситын көлікпен тасымалданады.  Станцияда кезекпен Бейнеу ауданының 15 тұрғыны жұмыс істейді. Оның барлығы да оқудан өткен, — деді су тазарту станциясының директоры Қашқынбай Тарғынов.

Ералы Тоғжанов Бейнеу ауданының әкімі Басшы Әзірхановқа ауданның барлық тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су құбырын тартуға және жылыжай салуға жобалар дайындауды тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген СЕРІК МАЙЕМЕРОВ