Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс 29-сессиясында депутаттардың ұсынысымен мәслихат хатшысы болып Тұмышев Нури Лазарұлы сайланды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Ол 1967 жылы Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген. Еңбек жолында лауазымды қызметтер атқарып, мол тәжірибе жинаған. Білімі — жоғары.

1992 жылы Алматы қаласындағы сәулетші-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.

1987-1998 жылдар аралығында «Энергоспецмонтаж» өндірістік бірлестігінің №88 монтаждау-құрылыс басқармасында монтаждаушы, шебер, аға прораб, бас инженер болып жұмыс жасады.

1998-2001 жылдар аралығында «Гандикап» ЖШС Бас директоры.

2001-2002 жылдар аралығында «ҚазақОйлҚұрылыс» ЖШС Маңғыстау өңіріндегі өкілі.

2002-2003 жылдар аралығында «Батыс Құрылыс» ЖШС Маңғыстау облысындағы өкілі.

2003–2004 жылдар аралығында «ҚазМеталлСпрей» бірлескен қазақ-американ кәсіпорнының бас директоры.

2005–2006 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ «Теңіз Сервис» ЖШС бас менеджері.

2016 жылдан «Nur Otan» партиясы Саяси Кеңесінің мүшесі. Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты. Партияның депутаттық фракциясының жетекшісі болды.

2017-2019 жылдар аралығында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етті.