park sherui Парктер шеруі

Жыл сайын 22 наурыз бен 5 маусым аралығында республика бойынша қорықтар мен ұлттық бақтар арасында «Парктер шеруі» акциясы өтеді. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 2000 жылдан бері акция асында туған жер тарихы мен мәдениетін насихаттауға, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастырып келеді.

«Парктер шеруі» – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (ЕҚТА) табиғат жанашырларын біріктіретін акция. Акцияның мақсаты — ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзекті мәселелеріне атқарушы органдардың, БАҚ, бизнес өкілдерінің, тұрғындардың назарын аудару, қорық аумақтарын дамыту мен сақтауға қолдау көрсету, табиғатқа тұрғындардың оң көзқарасын қалыптастыру.

1990 жылдары АҚШ-нан бастау алған «Парктер шеруі» бүгінде көптеген елде өткізіледі. Сол кезде қорық жұмысында қаржыландырудың жеткіліксіздігі, табиғи ресурстарға қысым жасау, ЕҚТА-ны тұрғындар мен қоғамның түсінбеушілігі сияқты проблемалар пайда болды. 1995 жылы сәуір айында бұл бастама Ресейде жалғасын тапты. Содан бері жыл сайын сәуір айында халықаралық дәрежеде өтіп келеді. Қазақстандық қорықтар мен ұлттық бақтар «Парктер шеруі» акциясын 1996 жылдан бастап өткізіп келеді.

park sherui Парктер шеруі

Акция кезінде қорықтар мен ұлттық бақтар ЕҚТА туралы мағлұмат беріп, әлеуметтік маңыздылығы мен қорықтық аумақтардың планетамыздың табиғатын қорғаудағы маңыздылығы туралы баяндайды. Акция кезінде түрлі байқау, семинар, дөңгелек үстел, пресс-конференциялар, ашық есік күндері, экологиялық десанттар (тазалық жұмыстары, ағаш отырғызу, бұлақ көздерін тазалау), тақырыптық көрмелер мен концерттер, теле, радиобағдарламалар, ерікті көмекшілер акциясы және ЕҚТА-ды қолдау мақсатында қайырымдылық қаражат жинау сияқты шаралар ұйымдастырылады. Олар атқарушы билік органдары, білім беру орындары, БАҚ және түрлі қайырымдылық ұйымдарымен бірлікте өтеді.

Үстірт қорығы жыл бойы Жаңаөзен қаласы және Маңғыстау облысының білім беру орындарында «Парктер шеруі» аясында «22 сәуір -Жер күні», «1 сәуір — Құстар күні», «18 мамыр — Мұражай күні», «21 мамыр — Қоршаған ортаны қорғау күні» шарасын өткізді. Атап өтерлігі акцияға қатысушы ұйымдар мен мекемелер саны артып келеді.

Үстірт қорығы Қазақстандағы ЕҚТА арасында «Парктер шеруі» акциясын ұйымдастырғаны үшін 2014 жылы 1-орын және 2015-2018 жылдары «Акцияға жақсы дайындалғаны және белсенді қатысқаны үшін» Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің Алғыс хатымен марапатталды.

Бүгінде қорықта «Көкесем» және «Өнере» экологиялық туристік маршруттары жұмыс жасайды. Аталған туристік соқпақтардың шалғайлығы мен жол қиыншылығына қарамастан, алыс-жақын шетелден ғылыми-туристік бағытта туристер келуде. Үстірт қорығы аумағында қаймағы бұзылмаған табиғат тамашалары — тасты шарлар (конкрециялар), Қараған Босаға үңгірі, Қарынжарық ойпаты (Өнере), Көкесем шатқалдары, арандарын орналасқан.

Э. Бекмағамбетова,
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы
экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы