түрме сотталған күдікті сотталды

Маңғыстауда 90 миллион теңге қаржыны жымқырды деген күдікпен энергетика мекемелерінің басшылары қамауға алынды, — деп хабарлайды экономикалық тергеу департаменті.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта «МАЭК-­Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «АльянсЭнергоСнаб­Ақтау» серіктестігі және «Электр жүйелері» меке­месінің лауазымды тұлғаларына қатысты ұйым­дасқан қылмыстық топты құру, басқару және оған қатысу туралы сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

Аталған кәсіпорындардың бес лауазымды тұл­ғалары тұтынушылардан электр энергиясы үшін ақша жинауда мемлекетке 90 миллион теңге шығын келтірген. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 262­-ші, яғни «Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған жетекшілік ету» бабының 1,2-­тармақтары бойынша тергеу жүргізілуде.

«Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұсталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің мән-­жайы тергеу мүдделеріне байланысты жарияланбайды», – делінген экономикалық тергеу департаменті хабар­ламасында.

Ноян ЖОЯМЕРГЕН