Тәуелсіздік байқау

Қайырлы күн, қымбатты 7292info сайтының оқырмандары!

Бүгін «16 желтоқсан — ҚР Тәуелсіздігі » күніне орай сайт ұйымдастырып жатқан қызықты конкурс жарияламақпыз. Үш күн ішінде (5 желтоқсаннан бастап, 8 желтоқсан сағат 23:59-ға дейін) Кез келген азамат Тәуелсіздік тақырыбында әдемі өлең оқығанын немесе жанды дауыста ән айтқанын видеоға түсіріп, 8702 56392 11 (Whats APP) нөміріне немесе 7292info.kz@gmail.com поштасына жіберуі тиіс. Видео 1 жарым минуттан аспауы тиіс.

9 желтоқсан күні оқырмандарымыздан келген видеоны сайтымызға жүктейміз. Сөйтіп 7292info сайтында ең көп қаралым мен ең көп пікір жинаған қатысушымыз жеңіске жететін болады. Ал жеңіске жеткен оқырманымызға тамаша сыйлығымыз бар!
Конкурстың тоқтатылу уақыты: 16 желтоқсан, сағат 23:00

Ендеше, кеттік! Ұтыстан қалыс қалмайық!
Барлық сұрақтар бойынша: 8 747 365 17 25, 8702 563 92 11

68 ПІКІРЛЕР

    • Шұғыла өркенің өссін, таудай талабың сені биік шыңдарға жетелесін.