Тоғжанов Ералы

Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті 11-сессиясы басталды. Күн тәртібінде барлығы 16 мәселе қаралады.

Сессия Қуанышбек Спанұлы Әбдірахманның төрағылығымен өтіп жатыр. Кезекті сессияға облыстан 18 депутат қатысуда, 6 депутат маңызды себептермен қатыса алмады.

Маңғыстау облысы әкімі Е.Тоғжанов пен облыстық мәслихат хатшысы Б.Жүсіпов «Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі облыс әкімінің есебі туралы» сөз сөйледі.

— Облыстық әкімшілікте бірқатар ауыс-түйіс болып жатыр. Білікті, тәжірибесі жоғары азаматтар жаңа қызметке келді. Алдағы уақытта жұмыла жұмыс атқаратын боламыз. Газ мәселесі бойынша сұрақтарды шешу оңай емес. 4 күн бойы мен бұл мәселемен жете танысып, жанармай бекеттерін аралап, істі өз көзіммен қарап жүрмін. Өзге аймақтардан 900 мың тонна газ алдырып жатырмыз. Бұл мәселені егжей-тегжейлі қараймыз, халыққа газ қолжетімді болады, — деді облыс әкімі Е.Тоғжанов.

Айта кетейік, сессияға облыс әкімі Е.Тоғжанов пен оның орынбасарлары, басқармалар мен департамент басшылары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Айгүл ДӘДЕН

Суреттерді түсірген Теңге БАЙМҰРЗАЕВА

м