Маңғыстау облыстық мәслихаты хатшысының өкімімен 2019 жылдың 2 қазанынан бастап Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы болып Әділбек Дауылбаев тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Бұдан бұрын ол Жаңаөзен қаласы әкімі қызметін атқарған еді.

1988 жылы Алматы құрылыс техникумын және азаматтық құрылыс мамандығын бітірген. 2004 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының «Газ-мұнай құбырларын және газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалануға енгізу» факультетін бітірген, инженер-құрылысшы.