иттер қаңғыбас ит

Жасыратыны жоқ, көшеде, тұрғын үйлер арасында иттерін тұмсыққапсыз жетектеген адамдарды көп кездестіреміз. Арнайы ереже бойынша итті тұмсыққапсыз сыртқа шығаруға болмайтындығына қарамастан тәртіп бұзушылар бұлар. Ара-тұра шағын аудандарды аралап кететін бұралқы иттер тағы бар. Ал балалар бұл иттердің қай-қайсысымен де ойнауға құмар. Сосын бірі ойнап жүріп, бірі қашып жүріп иттің азуына ілініп қалып жатады.

Ақтау қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Сымбат Жексенбайдың айтуынша, биыл жыл басынан бері Ақтауда 312 адамды жануарлар тістеген. Бұл — өткен жылғы көрсеткіштен 56 жағдайға артық. Тістеу жиілігі бойынша иттер «көш бастап», 216 жағдай тіркелсе, 83 адамды тістеген мысықтар «екінші орыннан» көрінді. Ал қалғандары — тышқан, қоян және маймыл тістеген жайттар.

— Бұралқы ит-мысықтардың үй арасында кезіп жүруі қауіпті, — дейді Сымбат Дәулетқызы. — Егер сіз қаңғыбас иттер мен мысықтарды байқасаңыз, Ақтау қалалық ветеринарлық станциясына мына мекен-жай бойынша хабарласа аласыз: Ақтау қаласы, 3 «Б» шағын аудан, №2 ғимарат, 302 кабинет. Телефон: 52-40-55.

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

АлдыңғыЖаңаөзенде ағылшын тілі кабинеті ашылды
КелесіМедиация — дәстүрлер жалғасы
Валентина Қозыбақова
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін, халықаралық телестудия мектебін бітірген. Түрікменстанда қазақ тілінде шығып тұрған «Жұмысшы» газетінде тілші, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, Маңғыстау облыстық телеарнасында радио-тележурналист, республикалық «Қазақстан Заман» газетінің Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. Маңғыстау облыстық «Маңғыстау» газетінің тілшісі.